954
Ақтауда 65 млн теңгеге салынған ескерткіш тұғыры қирап жатыр
Қазақстандық мемлекеттік сатып алулар сайтының мәліметінше, қала билігіне арналған бұл ескерткішті жөндеуге 65 313 642 теңге жұмсалған
Ақтауда Тобанияз Әлниязұлының құрметіне қойылған 65 миллион теңгенің ескерткішінің тұғыры қирап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұғырдағы қапталған тақтайшалардың бір бөлігі сынып, арматуралары шығып тұр.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бүгінде қаланы абаттандыру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Мердігер анықталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - деп сендірді шенеуніктер.
Қазақстандық мемлекеттік сатып алулар сайтының мәліметінше, қала билігіне арналған бұл ескерткішті жөндеуге 65 313 642 теңге жұмсалған.