Маңғыстау облысында 36 адам тамақтан уланып ауруханаға түсті

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр

Маңғыстау облысында 36 адам тамақтан уланып ауруханаға түсті
Ашық дереккөз
836

Бейнеу ауданында қоғамдық тамақтану орталығында ас ішкен 36 адам уланып, оның 28-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Уланғандар аудан орталығындағы «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанған. 22 ақпаннан бастап аталған қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

Науқастарға облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етіліп, қосымша 20 адамға орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды. Қазір осыған байланысты эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр, - деп жазылған Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасыны баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен бірге жаппай тамақтан улану дерегі бойынша Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары