890
EGov.kz порталы қазақстандықтар үшін уақытша қолжетімсіз болады
29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін электронды үкімет сайтында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты eGov.kz электронды үкімет сайты уақытша қолжетімсіз болады.
29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін электронды үкімет сайтында және басқа да жобаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Төмендегілер біраз уақыт қолжетімсіз болуы мүмкін:
- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
- egov mobile мобильді қосымшасы;
- "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- "e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі;
- "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдеуімен басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базалары.