Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар қызының еміне ақша бермеген ер адам сотқа тартылды

Ер адам 716 мың 188 теңге төлеуге міндеттелді.

Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар қызының еміне ақша бермеген ер адам сотқа тартылды
egemen.kz
809

Ақтөбеде келіншек бұрынғы күйеуі, яғни қызының әкесін баланың еміне ақша өндіруді талап етіп, сотқа шағым түсірді, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әйел қызының ауыр сырқатқа шалдыққанын, оған үшінші топтағы мүгедектік тағайындалғанын және ота жасалғанын түсіндірді. Ол анализ тапсыруға, дәрі-дәрмек сатып алуға, емделуге 1 миллион 432 мың теңгені жұмсаған. Баланың әкесі өз еркімен көмектескісі келмейтіндіктен, әйел сот арқылы шығынның жартысын өтеуді талап етті.

Сотталушы қызының жарақат алғанына өзін кінәлі деп санамағандықтан, оның еміне көмектесуге міндетті емеспін дейді. Істі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот қарады. 

Сот қыздың әкесі де анасы сияқты баланың шығынын көтеруге міндетті деп шешті. Ер адам 716 мың 188 теңге төлеуге міндеттелді. Бұл – оның бұрынғы әйелі ортақ қызын емдеуге жұмсаған соманың тура жартысы.

Серіктес жаңалықтары