Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылары тергеуге алынды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылары тергеуге алынды
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Фото:kmg.kz
1126

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Агенттіктің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Зауыттың басшылығына айып тағылып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін зауыттың бас инженері әлеуметтік желіде видео жариялап, жаңадан тағайындалған бас директордың әрекетіне арызданды. Қаржыны жымқыру фактілері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бас директор Ғалымжан Жусанбаев видео жазып, бірнеше қызметкерге қатысты қылмыстық істің қозғалғанын айтқан. Осы оқиғадан кейін "ҚазМұнайГаз" компаниясы арнайы комиссияны жіберді. Тексерістің нәтижесінде екеуін де жұмыстан шығарып жіберді.

Серіктес жаңалықтары