799
Ұлытау облысында иіс тиіп 3 адам көз жұмды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында жеке тұрғын үйде 3 адам уланып, көз жұмды.
"27 ақпан Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды", - делінген ТЖМ хабарламасында.