Ғылыми атағы үшін ғалымдардың жалақысына қосымша ақы төлеу ұсынылды
Бұл заң жобасы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Оның басты мақсаты – ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Ғылыми атағы үшін ғалымдардың жалақысына қосымша ақы беру ұсынылды. Осы мәселеге қатысты заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында қаралды.
Қазір ғылыми зерттеу институттарында немесе университеттерде істейтін ғалымдарымыз өздерінің доктор PhD, ғылым докторы, ғылым кандидаты сияқты ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады. Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр.
Мысалы доктор PhD, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңге үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың үстемақы, яғни жалпы 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алатын болады. Ал енді ол ғылым докторы болса, және қазіргі уақытта ол 125 мың теңге үстемақы алса, бұл заң қабылданғаннан кейін ол енді қосымша профессор атағы үшін тағы да 60 мың теңге, сонда жалпы алғанда 185 мың теңге көлемінде жалақысының үстіне қосымша ақы алатын болады, – деді Асхат Аймағамбетов.
Бұл заң жобасы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Оның басты мақсаты – ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіру.