1274
«Шәкірттерді қуанттық»: Алтынай Жорабаева қызын медресеге алып барды
Алтынай Жорабаева медреседегі қари балаларға ауызашар берген.
Танымал әнші Алтынай Жорабаева бесінші қызын жақында қырқынан шығарып, медресеге қыдырып барды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әншінің айтуынша, ол қызының алғашқы жөргекпұлына медреседегі қари балаларға ауызашар берген.
«Аминамыздың мемлекеттен түскен ақшасына ауызашар бердік. Шағбан айында ауыз бекіткен хафиз, қари шәкірттерді қуанттық», – деп жазды әнші.