Алматы облысында игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды

Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды.

Алматы облысында игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды
maqat-tynysy.kz
811

Жыл басынан облыс көлемінде 173,1 мың га (600 жер учаскесі) құрайтын пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жалпы көлемі 12,4 мың га болатын 43 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыздар жолданды.

«Оның ішінде соттар 28 жер учаскесі бойынша жалпы көлемі 10,5 мың га жер учаскелерінің үлгілік жалдау шарттарын жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды. 2024 жылдың басынан ерікті негізде 9,5 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасы бойынша биылғы жылдың аяғына дейін облыс көлемінде жер заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 70,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспарланған болатын.

«2024 жылдың басынан облыс аумағында мемлекет меншігіне 20,0 мың га жер учаскелері қайтарылды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары