Павлодар облысында ерекше құс пайда болды

Павлодар өңіріне құс Алтай өлкесінен келуі мүмкін

Павлодар облысында ерекше құс пайда болды
24kz
918

Тұмсығы дөңес келген торғай тәріздес сүйкімді құстар Шалдай орманында көзге түскен, деп хабарлады turkystan.kz 24kz сайтына сілтеме жасап.

Орманшылар қанаттылардың дәл осы түрін бұрын-соңды қарағайлы алқапта кездестірмепті. Ал биологтар оны «қылқан жапырақты орманды мекендейтін «клесттер» дейді. Құстарды сары, қызыл және жасыл реңіне қарап «Сібір тотықұсы» деп те атайды екен. Әдетте олар қарағай, шырша тұқымымен және орман жидектерімен қоректенеді. Жыл құстарына жатпайды. Азық қоры азайғанда қоныс аударып отырады. Павлодар өңіріне Алтай өлкесінен келуі мүмкін. Сол сияқты облыс аумағында балауыздар көбейген. Бұл да ну орманды мекендейтін ерекше әдемі құс түрі. 

Біздің ойымызша солтүстік аймақтардан мына суыққа байланысты орнын ауыстырып, бізге, оңтүстікке қарай келген түрлері. Свиристельді алатын болсақ бұл негізінен ағашы аз аймақтарда да кездесе береді. Біздің аймақ осы ағашы аз аймақ. Бізге келгенде мынау солтүстіктен Ертіс өзенінің айналасындағы тоғай арқылы келіп отыр. Бұл жағдайларды арнайы зерттеу керек. Дегенмен де осы құстың келіп қалғаны біздің жаққа, яғни қоректің азайғанын білдіреді, - деді биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Ахметов.

Серіктес жаңалықтары