Қазақстандағы танымал туристік 20 орынның тізімі жарияланды

Министрлік ішкі туризмнің өскенін ескере отырып, аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Қазақстандағы танымал туристік 20 орынның тізімі жарияланды
Туризм. Фото: pixabay
1083

Туризм және спорт министрлігі танымал туристік аймақтардың тізімін жариялады. 

Бұған дейін тізімге 10 аймақ кірген. Қазіргі кезде танымал туристік орындардың саны 20-ға дейін кеңейтілді. Олар:

Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы);

Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе облысы);

Туристік кешен (Қостанай облысы);

Щучье-Бурабайдағы "Ақбура" курорттық аймағы (Ақмола обысы);

Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (Солтүстік Қазақстан облысы);

Баянауыл (Павлодар облысы);

Қатон-Қарағай курорттық аймағы (Шығыс Қазақстан облысы);

Алакөл курорттық аймағы (Абай мен Жетісу облыстары);

Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қаласы, Алматы облысы);

"Көксай resort" (Жамбыл облысы);

Балқаш (Қарағанды облысы);

Түркістан (Түркістан облысы);

Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда облысы);

Ұлытау ауылы (Ұлытау облысы);

Жылы жағажай (Маңғыстау облысы);

Сарайшық қалашығы (Атырау облысы);

Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қаласы);

Туристік аудан (Астана қаласы).

Министрлік ішкі туризмнің өскенін ескере отырып, атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Серіктес жаңалықтары