842
Жамбыл облысында 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолы кесілді
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды.
Жамбыл облысының прокурорлары 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қордай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында құны 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын дұрыс анықтамау фактісін анықтады», – делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды.
Нәтижесінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алды алынды.