ҰҚК Шекара қызметі өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгеретінін хабарлады

Автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді.

ҰҚК Шекара қызметі өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгеретінін хабарлады
gov.kz. шекара
791

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 ақпанда бақылау-өткізу бекеттерінің жұмыс режимінің өзгеретінін ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:

Ресей Федерациясымен:
«Найза», Павлодар облысы
«Қоянбай», Абай облысы
«Байтанат», Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:
«Нұр Жолы», Жетісу облысы
«Достық», Жетісу облысы
«Қолжат», Алматы облысы
«Бақты», Шығыс Қазақстан облысы
«Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:
«Кеген», Алматы облысы.
 

«2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары