Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды

Жәбірленушілердің жалпы саны – 59 адам.

Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды
Sputnik / Абзал Калиев. қаржы пирамидасы
705

Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 1990 жылы туған ҚР азаматы Алмас Оразалыұлы Жұбанаевқа іздеу жариялады.

«Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында Instagram әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген», – делінген ҚМА хабарламасында.

Жәбірленушілердің жалпы саны – 59 адам, келтірілген залал сомасы – 63 373 356 теңгені құрайды.

Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8-775-125-55-54; 8-701-527-10-45.

Серіктес жаңалықтары