Астанада ірі есірткі зертханасы жойылды

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.

Астанада ірі есірткі зертханасы жойылды
ҰҚК
844

22 ақпанда ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы жойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.

«Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды», – делінген хабарламада.

Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады.

«Бұдан басқа, Астана қ. басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған», – делінген хабарламада.  

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы
1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

 

Серіктес жаңалықтары