Қатерлі ісікпен күрес туралы кітап шықты

Тұсаукесерге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам белсенділері, жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Қатерлі ісікпен күрес туралы кітап шықты
992

Жыл сайын әлемде 10 миллионға жуық, ал Қазақстанда 14 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен қайтыс болады. Қазақ қоғамы үшін жабық, табу болып келген тақырыпты ашық айтатын уақыт келді...

Осы мақсатта журналист, жазушы, анасының омырау безі қатерлі ісігімен 6 жылдан бері күресіп келе жатқан Марғұлан Ақан «Үміт. Өмір үшін күрес» атты кітап жазып шықты. Онда анасының диагнозы анықталған күннен бастап басынан өткізген оқиғалары, жүріп өткен жолдары баяндалған. Ауыр дертпен күрес жолында түрлі қиындықтар болатынын, науқас үшін жақындарының қолдауы қаншалықты маңызды екенін оқырманға түсінікті жеткізген. 

Кітаптың тұсаукесері 2 наурыз сағат 15:00-де, Ұлттық академиялық кітапханасының Мұқағали Мақатаев атындағы мәжіліс залында өтеді.

Тұсаукесерге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам белсенділері, жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

«Үміт. Өмір үшін күрес» деп аталатын кітабы ана мен бала арасындағы диалогқа, сезім мен эмоцияға, басқа түскен сынақты көтере білген ана мен ұлдың арасындағы күйге негізделіп жазылған. Кітаптың ішіндегі әр мәтін өмірдің өзінен алынған шынайы оқиға.

Бұл онкология тақырыбында жазылған, қос адамның басынан өткен күйін суреттейтін, ішкі сезімдерін жеткізетін, қоғамның назарын осы дертке қарай бұратын әрі жігер мен рух беретін қазақ тіліндегі тұңғыш кітаптардың бірі.

Аккредитация үшін байланыс нөмірі: +7 702 763 9151 (Лаура)

Кітап авторы:  +7 747 960 7666 (Марғұлан)

Серіктес жаңалықтары