1453
Петропавлда көшеден әйелдің денесі табылды
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде 50 жастағы әйелдің денесі табылды, деп жазады turkystan.kz СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, 2 наурыз күні полицияға көшеде әйелдің денесі табылғандығы туралы хабарлама түскен. Өлген адамның кім екенін тәртіп сақшылары анықтады. Қазіргі уақытта өлімге не себеп болғанын анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады.