Бокстан турнир: бүгін ел құрамасынан кімдер шаршы алаңға шығады

Лицензиялық турнирде 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады

Бокстан турнир: бүгін ел құрамасынан кімдер шаршы алаңға шығады
None
2765

Бүгін бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында басталатын халықаралық турнирде ел құрамасынан кімдердің сайысқа түсетіні анықталды, деп жазады turkystan.kz.

Ел құрамасынан сайысқа 51 келіде Сәкен Бибосынов гонконгтық Каннет Чун Хим Танмен жұдырықтасады.

Ал әйелдер арасында 60 келіде Римма Волосенко гайаналық Хаднас-Сах Тианнамен қолғап түйістіреді.

Лицензиялық турнирде 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.

Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары