ШҚО-дағы тау-кен кәсіпорнында жұмысшы көз жұмды

Аталған кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

ШҚО-дағы тау-кен кәсіпорнында жұмысшы көз жұмды
Ашық дереккөз
860

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы тау-кен кәсіпорнында жұмысшы мерт болды, деп жазады turkystan.kz ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында жазатайым оқиға болған. Қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан «Мырзатаев» ЖК-ның краншысы көз жұмды. Оқиға орнына прокурор, полиция, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барды.

Алдын ала мәліметтер бойынша кран батып қалып, жұмысшы бульдозер жүргізушісінен оны сүйреп шығаруды сұрады. Бірақ қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан бульдозер сырғып кетіп, краншы екі техниканың арасында қалып қойды. Алған жарақаттардан ол сол жерде мерт болды, - делінген ақпаратта.

Аталған кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары