1035
Алматыда подполковник педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталды
Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті түсінік берді.
Әлеуметтік желіде Алматыда шекара бөлімінің лауазымды қызметкері жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ондағы мәліметке сенсек, 2 наурызда Алматының Жетісу аудандық полиция бөліміне № 28-74 шекара бөлімінің подполковнигі ұсталғаны хабарланған. Ол мас күйінде 14 жасар баламен кездесуге келген делінеді.
Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті түсінік берді.
«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Істің объективті мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінен.