1373
Айбота Ертайқызы Эстониядағы турнирде 2 медаль жеңіп алды
Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгін Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приі аяқталды.
30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан жарыста отандасымыз Айбота Ертайқызы 2 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды.
Сондай-ақ Айбота ұршық және лентамен өнер көрсетуде финалға шығып, жүлдеге бір табан жетпей, 4-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, «Мисс Валентайн» турнирі 1995 жылдан бері тұрақты өтеді. 2020 жылдан бастап бұл жарыс көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при сериясына қосылған.