Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне халықаралық іздеу жарияланды

Петр Врублевский Ресейде сырттай қамауға алынды.

Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне халықаралық іздеу жарияланды
Петр Врублевский. Фото: kaztag.kz
3677

Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге Ресейде халықаралық және федералдық іздеу жарияланды. Сондай-ақ ол екі айға сырттай қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

ТАСС агенттігінің ақпаратынша, Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге іздеу жарияланып, Ресейде сырттай қамауға алынды. 

"Алдын ала тергеу органы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 282-бабы 2-бөлігінің "а" тармағында көзделген қылмысты жасады деп сырттай айыпталған Петр Юрьевич Врублевскийге қатысты қылмыстық істі тергеу барысында украиналық дипломатқа федералды, халықаралық іздеу жариялау туралы қаулы шығарды", - деп түсіндірді құқық қорғау органдары басылымға. 

Мәскеу соты тергеудің Врублевскийге қатысты "Ресей Федерациясының аумағына экстрадицияланған немесе айыпталушы ұсталған кезден бастап есептегенде, екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы" өтінішін қанағаттандырды. 

Серіктес жаңалықтары