873
Ақтауда сауда орталығындағы эскалаторға мінген бала саусағынан айырылды
Оқиға 1 наурыз күні қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған.
Ақтау қаласында эскалаторға мінген жеті жасар қыз саусағынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 1 наурыз күні қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. Баланы шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізген.
«Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жарақат алған жеті жасар қыз түсті. Бала саусағының бір бөлігінен айырылып қалды. Мамандар саусақты сақтап қалу үшін барын салды. Кішкентай қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді», - дейді дәрігерлер.
Қазіргі кезде кішкентай пациент ем-дом алып жүр. Жарақаты жазылып келеді, бірақ саусағы бұрынғыдай бола ма, әзірше белгісіз.