«Қазақ қара жамылмаған»: Мөлдір Әуелбекова өзін сынға алғандарға жауап берді

Әнші жаңа образдағы суретін Instagram парақшасында жариялаған.

«Қазақ қара жамылмаған»: Мөлдір Әуелбекова өзін сынға алғандарға жауап берді
Instagram/moldir.auyelbekova
934

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қара түсті киім киіп, сынға қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші жаңа образдағы суретін Instagram парақшасында жариялаған.

«Орамал таққалы қап-қара киінуім алғаш рет. Дресс код солай болды. Қатты ұнап тұр! Жараса қалды, иә? Иә, білемін, қазақ қара жамылмаған.
Дәл солай, қазақта тек жесір әйел шаш жайған. Демек бір-бірімізден кемшілік іздейтін болсақ, міндетті түрде табатынымыз анық. Сол себепті, жай ғана әдемі образға лүпіл басып, тілек жазайық. Сүйем сіздерді!», – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Серіктес жаңалықтары