Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
akorda.kz
850

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары