Шымкентте үшем дүниеге келді
Наргиза Әшірметованы дәрігерлер 2 ақпанда кесір тілігі арқылы босандырып алған.
Шымкентте Атамбай, Мұса, Мүслім атты үшем дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, №2 қалалық ауруханаға қарасты перзентхана дәрігерлері мерзімінен бұрын туылған сәбилерді күтіп, баптап бүгін шаңырақтарына шығарып салды.
Наргиза Әшірметованы дәрігерлер 2 ақпанда кесір тілігі арқылы босандырып алған.
31 жастағы қала тұрғынының бұл төртінші рет құрсақ көтеруі. Үшемге аяғы ауыр екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген. 33 аптада, яғни айы-күні толмай туылған сәбилердің өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Перзентхана дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде 2-келіден аса салмақ қосқан.
Үшемді ата-анасы Атамбай, Мұса, Муслим деп атаған. Денсаулық жағдайы жақсарған үшем мен анасын дәрігерлер бүгін сыйлықтар табыс етіп,үйіне шығарып салды.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 4911 сәби дүниеге келген. Оның 2493 ұл бала болса, 2418 қыз баласы. Егіздердің саны 50-ге жетіп, екі үшем туылған.