758
Қазақстанның гуманитарлық жүгі Қырғыз Республикасына жетті
1 000 тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына берілді.
Қырғыз Республикасына Қазақстанның гуманитарлық жүгі тапсырылды, деп хабарлады turkystan.kz.
5 наурызда Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген 1 000 тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына берілді.
Гуманитарлық көмек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді.
1 000 тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді.
Тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен жүзеге асырылды.