«Бассыздық қой»: Мақпал Жүнісова халыққа үндеу жасады

Әншінің атынан фейк ақпараттар тараған.

«Бассыздық қой»: Мақпал Жүнісова халыққа үндеу жасады
ernur.kz. Мақпал Жүнісова
1421

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әншінің телефоны бұзылып, атынан фейк ақпараттар тараған.

«Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Жалған хабарлама келсе, ашып, оқымаңыздар!», – деп жазды халық әртісі.  

 

Серіктес жаңалықтары