1006
Қарақат Әбілдина балаларынан кешірім сұрады
Ол балаларының мектептегі концерттеріне қатыса алмайтынын айтты.
Әнші Қарақат Әбілдина мереке қарсаңында балаларының мектептегі концерттеріне қатыса алмайтынын айтып, олардан кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Кәсібімнің бір кемшілігін айтып кетейін. Ол балаларымның мектептегі ұйымдастырған концертіне қатыса алмаймын. Олар мені күтеді. Бірақ сәті түспей, үлгермей қаламын. Барлық оқушылар аналарын құттықтап жатқанда, менің балаларым бір бұрышта қалып қоятын секілді. Олар қанша күн аналары үшін тырысты. Бірақ аналары бір концерттен шығып, екінші концертке кіріп бара жатыр. Әр кәсіптің өз ауыртпашылығы бар», – деді өнер иесі.