822
Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?
Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
«Қазгидромет» РМК 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
«9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі деп күтілуде», – делінген хабарламада.