Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректерін бөлісті

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болар деген 14 болжамды ана мен 1 ер адамнан анализ алынғанын айтты.

Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректерін бөлісті
Қымбат Досжан және Жәнібек. Фото: Egemen.kz
1857

Белгілі журналист Қымбат Досжан «1001 түн» бағдарламасында бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа ақпаратпен бөлісті.

Тележүргізуші Қымбат Досжан бір апта ішінде Жәнібек дүниеге келген соң, 4-5 күн перзентханада емізіп, ақ сүтін берген ананы тапқанын айтты.

«Әлеуметтік желіде басым көпшілігі Жәнібекке жаны ашып жатса, енді біреулер «Қазақстанда не бар? Еуропаңда күшті ғой» деп жазғандар бар. Одан бөлек тағы бір топ болды. Сол топты зерттей келе болжамды ана, құжат бойынша сол әйелдің есімімен, екінші баласын дүниеге әкелген әйелді таптық. Бірақ екі бірдей тапсырған анализ 0 болып шықты. «Үй жағдайындағы шаруаларды реттеп, Түнгі сағат 10:00-де қайтып келемін» деген қолхат та сол ананың қолымен жазылған», – дейді журналист.

Бүгінде Арқалықтың полицейлері Астанаға келіп осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Бастапқыда «Салғырттық» деген бап бойынша іс ашылып, кейін бұл оқиғаның болғанына 20 жылдан аса уақыт өткен соң жауып тастады. Одан кейін Жәнібектің атынан мен прокуратураға арыз жаздым. Сөйтіп қаңтар айының аяғында басқа баппен тергеу басталды. Қазір тергеушілер Астанаға келді. Олардың осында жұмыс істеп жатқанына бір аптадай уақыт болды. Кеше сұхбат бергенімді 14 ана деп айттым. Ал бүгін 6 әйелдің анализі шықты. Жәнібек 1-2 күнде кетіп қалады. «Рсының арасынан шығып қалады ма?» деген оймен лабараториядағылар түскен анализдерді шұғыл түрде тексеріп жатыр. 14 болжамды ана мен 1 ер адамнан анализ алынды. Біз бүкіл редакция, «Қазақ радиосы” сол ер адам Жәнібектің әкесі болып шықса екен» деп Құдайдан тіледік. Бірақ амал нешік, ол да 0 болып шықты. Сол ер азамат «менің балам болып шықса екен» деп келгенін айтты», – дейді Қымбат Досжан.

Серіктес жаңалықтары