Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-ден ұсыныс келіп түскенін айтты

Кәсіпқой ММА-да ол төрт жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапты.

Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-ден ұсыныс келіп түскенін айтты
instagram.com/rakhmonova
707

Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша қазақстандық спортшы Сора Рахмонова Ultimate Fighting Championship (UFC) оған келісімшарт ұсынып жатқанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы қоян-қолтық күрестен үш мәрте әлем чемпионы атанды. Кәсіпқой ММА-да ол төрт жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапты. 

"Қыркүйекте Dana White Contender турниріне қатысуым керек еді, бірақ жарақатыма байланысты жекпе-жектен бас тартуға тура келді. Дегенмен UFC келісімшарт ұсынып жатыр, құдай қаласа, сонда жекпе-жек өткіземін. Бірақ қазір мен үшін өмірімдегі ең маңызды нәрсе – бұл отбасы", – деді Рахмонова. 25 жастағы спортшы соңғы рет былтыр мамырда ресми жекпе-жек өткізген болатын. Кейін ол Naiza FC турнирінде Валерия Карыгинаны нокаутқа түсірді. Ал қарашаның соңында Рахмонова тұрмысқа шықты.

Серіктес жаңалықтары