1137
Жаңбыр, жел, қар: бүгін ауа райы қандай болады?
9 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет ел аумағында 9 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады turkystan.kz.
Белсенді Оңтүстік циклоны ҚР территориясы арқылы тез жылжи отырып, өзімен бірге жаңбыр және қар түріндегі жауын-шышын, оңтүстік пен орталықта қатты жауын-шашын, желдің күшеюін және температураның жоғарлауын алып келеді.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының тау асуларында желдің 30 м/с және одан аса күшеюі күтіледі.