Абай облысында қар еріп, жолды су басқан

Барлық су өткізу жүйелерінің белсенді жұмысының арқасында автожолды шайып кетуге жол берілмеген

Абай облысында қар еріп, жолды су басқан
Видеодан алынған кадр
713

Жолшылар Абай облысының Бақты ауылына еріген қар суларымен күресуге көмектесіп жатыр, деп жазады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше Тарбағатай жотасындағы қардың күрт еруі салдарынан Таскескен-Бақты автожолының 181 км жанына еріген қар суы жиналған болатын.

Қазір, резервтегі еріген су деңгейі түсіп, тұрақтанды. Барлық су өткізу жүйелерінің белсенді жұмысының арқасында автожолды шайып кетуге жол берілмеген.

Бақты ауылының жергілікті атқарушы органының өтініші бойынша ауылды еріген қар суы баспауы үшін ҚазАвтоЖол мамандары көмек көрсетіп жатыр. Қазір зақымдануды болдырмау және Бақты ауылының ғимараттары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құм-қиыршық тас қоспасы мен құм салынған қаптарды тасымалдап жатыр.

Серіктес жаңалықтары