Салық органының қызметкері 5 интернет-алаяқтық жасаған

Прокуратура қызметкерлері барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп жатыр.

Салық органының қызметкері 5 интернет-алаяқтық жасаған
vlasti.io
799

Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық қылмыс ашылды.

Ақмола облысы Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

«Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.

Осы ретте, прокуратура қызметкерлері азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарынан сақ болуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары