Таиландта блогерлердің сән-салтанатты өмірін көрсетуіне тыйым салынуы мүмкін

Ал Қытайда мұндай тыйым қазірдің өзінде күшіне енген, яғни шамадан тыс байлық, сән-салтанатты көрсететін контент өшіріліп отырады.

Таиландта блогерлердің сән-салтанатты өмірін көрсетуіне тыйым салынуы мүмкін
сурет: luxurylifestyleawards.com
878

Таиландта блогерлер мен инфлюенсерлердің әлеуметтік желіде сән-салтанатты өмірін көрсетуіне тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы елдегі ақпарат агент тіктерінің бірі Bangkok Post хабарлады.

Ел билігі бұл үрдіс қоғамға теріс әсер етеді деп санайды. Нақтырақ айтқанда, адамдар тым қымбат заттарға әуес болып, қарызға сатып ала бастайды немесе құмар ойындардан ақша табуға тырысады деп есептейді.

Сол себепті әлеуметтік желі белсенділерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған нормаларды қабылдап, қатаңдату шарасын ұсынып отыр.

Ал Қытайда мұндай тыйым қазірдің өзінде күшіне енген, яғни шамадан тыс байлық, сән-салтанатты көрсететін контент өшіріліп отырады.

Серіктес жаңалықтары