Щучинск қаласында ресейлік әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

1997 жылы туған Татьяна Михайлова түскі уақытта шығып кеткен.

Щучинск қаласында ресейлік әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды
oxu.az
1003

11 наурыз күні таңғы сағат жетіде Щучинск қаласында Балдәурен лагерінің маңында әйел адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы @aqmolive жазды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

1997 жылы туған Татьяна Михайлова түскі уақытта қаңғыбас иттерді тамақтандыруға шығып кеткен. Ол РФ азаматы екені белгілі болды. Соңғы екі жылда Щучинск қаласында тұрып жатқан. 

«Денесінде зорлық-зомбылықтың ізі байқалмаған. Азаматшаның денесі Мамандандырылған ауданарлық сотқа жолданды», – делінген хабарламада. 

Бірге тұрған азаматтың сөзінше, Татьяна сағат 19:00 шамасында қоңырау шалып, ыстық ванна дайындап қоюын өтінген. Қатты тоңып қалғанын айтып, жақын уақытта үйге оралатынын хабарлаған. Алайда, осы жағдайдан кейін азаматша байланысқа шықпаған. Алкогольдік ішімдікке әуестігі болмағаны, есепте тұрмағаны белгілі болды. 

Серіктес жаңалықтары