Фракция жиынында облыстың су тасқынына дайындығы пысықталды

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы жиналысының жиыны өтті.

Фракция жиынында облыстың су тасқынына дайындығы пысықталды
turkystan.kz
801

Фракцияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе ол көктемнің шығыуына байланысты облыстағы су тасқындарының алдын алу бойынша дайындық жұмыстарына қатысты болды.

«Бүгінгі таңда, облыс бойынша гидрологиялық жағдай жалпы тұрақты. Өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейі сыни белгілерден төмен. Соңғы 15 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облысында болған су басу фактілеріне талдау жүргіздік. Қалалар мен аудандардың барлық әкімдіктеріне су тасқынының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар қойылып, олардың орындалуы бақылау жүргізілуде. Аудан, қала әкімдерімен іс-шаралар жүргізілуде. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілген, дер кезінде әрекет етуге дайын»,- дейді ҚР ТЖМ Шығыс-Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерғали Бахаев.

Сонымен қатар жиын барысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Сайрангул Жумадилова депутаттардың Шығыс Қазақстан облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы Жол картасының бекітілген тармақтарының орындалуын бақылау, сондай-ақ брифингтер, баспасөз конференцияларын, халықпен кездесулер және өзгеде іс шаралар өткізу қажет екендіктері атап өтті.

«Партияның сайлау бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасын уақытылы сапалы орындау біздің басты мақсатымыз. Біз сайлаушыларымыздың алдында берген уәделерімізді нақты атқарылған іспен көрсетуіміз қажет. Бос сөзбен емес. Сондықтан да баршаларыңызды осы мақсатта бірлесе жұмыс жасауға шақырамын. Мәжілістегі қабылданатын заңнамалық актлерге қатысты өз ұсыныстарыңызды берсеңіздер. Біз оны жинақтап орталық аппаратқа және Мәжіліске жолдайтын боламыз»,- деді Сайрангул Жумадилова.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы Жол картасының көрсеткіштерін іске асыруға 2024 жылы қаражат бөлу туралы ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархат Бельбеев тоқталып өтті.

Серіктес жаңалықтары