Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған мектеп бапкерлері сотталды

Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасы мәлім етті.

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған мектеп бапкерлері сотталды
loft2rent.ru
740

Шымкент қаласында бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды. 

"Сот үкімімен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды", - деп жазды ведомство.

Жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылдар аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған құжаттар ұсынған. Сөйтіп 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Серіктес жаңалықтары