Ақтөбеде әскери қызметші бюджет қаражатын құмар ойынға салған

Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, келтірілген залалды толығымен өтеген.

Ақтөбеде әскери қызметші бюджет қаражатын құмар ойынға салған
Pexels
734

Ақтөбеде әскери қызметші бюджет қаражатын құмар ойынға салған, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған әскери қызметшіге үкім шығарды.

Sputnik.kz сайтының мәліметінше, сотталушы қаржы қызметі бөлімінің бастығы болған.

«Ол басқарманың бірінші басшысының ЭЦҚ кілтін ауыстырып қолдану арқылы, өзінің банктік есепшотына бюджет қаражатынан бірнеше рет заңсыз ақшалай аударымдар жасаған. Заңсыз алынған бюджет қаражатын ставкаға пайдаланған. Нәтижесінде, мемлекетке ірі көлемде 23 миллион теңгеден астам шығын келтірген», - дейді әскери сот.

Бірінші сатылы соттың үкімімен әскери қызметші әскери атағынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілген. Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, келтірілген залалды толығымен өтеген. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары