Павлодарда ер адам иіс тиіп, көз жұмды
Ер адамның ата-анасы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Павлодарда ер адам иіс тиіп, қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, ер адамның ата-анасы ауруханада жатыр.
Қайғылы оқиға 11 наурызда қала сыртында болған.
«Үй иелерінің әріптесі қызметкерлері жұмысқа шықпаған соң алаңдай бастаған. Сағат 10:05-те полиция қызметкерлеріне хабарлама түскен», – делінген хабарламада.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, 27 жастағы ер адам қаза тапқан. Ата-анасы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
«Пеште ақау пайда болған. Яғни қабырғасындағы жарықтан көміртегі тотығы таралған. Өртке ұқсас түтін болған жоқ», – деді Жасұлан Жұмашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Айта кетейік, жылыту маусымы басталғаннан бері аймақтың үш тұрғыны өрт шықпай-ақ көміртегі тотығымен уланып көз жұмған.