1036
Ғалымдар бақытты болу үйренуге болатын қабілет екенін дәлелдеді
Жаңа зерттеу көрсеткендей, біз бақытты болуды үйрене аламыз, бірақ жаттығуды жалғастыра берсек қана нәтиже байқалады.
Ғалымдар бақытты болу үйренуге болатын қабілет, яғни дағды екенін дәлелдеді. Жаңа зерттеу көрсеткендей, біз бақытты болуды үйрене аламыз, бірақ жаттығуды жалғастыра берсек қана нәтиже байқалады. Бұл туралы Higher Education журналы жазды.
Бристоль Университетінің ғалымдары бақыт туралы ғылыми зерттеу жүргізген.
Ғалымдар студенттер арасында жаттығулар жасайтын, медитация жасайтын, күнделік жүргізетін, серуендейтін және басқаларға қамқорлық жасайтын топтарға бөліп, курс ашқан.
Курстан кейін қатысушылар өздерін 10-15%-ға жақсы сезінген, ал 2 жылдан кейін әсер тек өз-өзімен тұрақты жұмыс істегендерде ғана сақталған.