Ұлытау облысында 500-ден астам жылқы қырылып қалды

Қазір өңірде тірі қалған өзге малды аман алып қалу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ұлытау облысында 500-ден астам жылқы қырылып қалды
Жылқы. Фото: pixabay
938

Ұлытау облысында қырылған жылқылардың саны 500-ден асты. Күн райының қолайсыздығы салдарынан өрістегі малына жете алмай жатқандарды ескерсек, шығын бұдан да көп болуы мүмкін, деп хабарлады Almaty.tv.

Жалпы облыста жылқы өсірумен айналысатын 230-дан астам шаруашылық бар.

Ал Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы да қырылған жылқылар туралы әзірге нақты көрсеткішті айта алмай отыр. Себебі өлексесі табылған 500 бас жылқы тіркеуге алынбаған. Сәйкесінше иелері де табылмапты.

Бұл жағдайға байланысты аудандық әкімдік тарапынан тұрғындар сұраған техника, жол тазалау жұмыстары бойынша барлық қолдау жұмыстары көрсетіліп жатыр. Ал басқарма тарапынан қазіргі таңда жем-шөпке қосымша субсидия беру мәселесі қолға алынды. Бөлінген 200 млн теңгенің шамамен 80 пайызы жылқы малына жем-шөп сатып алуға жұмсалады. Облыста жылқы өсірумен айналысатын 230-дан астам шаруашылық бар. Олар жем-шөп субсидиясын бүгін-ертең қолына алады, – деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Мұтаев.

Қазір өңірде тірі қалған өзге малды аман алып қалу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Арнайы штаб құрылып, қажетті техника мен жанар-жағармай бөлінген. Арзан жем-шөп сатып алуға облыс қазынасынан қосымша қаржы берілмек.

Серіктес жаңалықтары