Семейде көпірдің қоршауы опырылып түсті

Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 15 метр болатын қоршауы құлап кеткен.

Семейде көпірдің қоршауы опырылып түсті
Семей. Фото: Абай облысы ПД
1511

12 наурызда Семейде қатты жел салдарынан көпірдің жақтауы жартылай опырылып түсті.

 

Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 15 метр болатын қоршауы құлап кеткен. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағытта жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жабылғанын мәлімдеді.

«12 наурызда қатты желдің салдарынан көлік көпіріндегі қоршаулар сынып қалды. Бұл жер ескерту таспаларымен қоршалып, жаяу жүргіншілер үшін оң жақ жағалау бағытындағы жол жабылды. Жүргізушілер үшін көлік қозғалысы (төрт жолақ) ашық. Қоршауларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», –  деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділбек Увасилов.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Олар төтенше жағдайға байланысты жаяу жүргіншілерді бағытын өзгертуге шақырды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, құлаған қоршаулар оптикалық байланыс желілерін зақымдап, сол жақ жағалау тұрғындарын интернетсіз қалдырды.

«Семей қаласы әкімдігі апат салдарынан «Қазақтелеком» АҚ-ның оптикалық байланыс желілері зақымдалғандықтан интернетке қосылу әзірге мүмкін емес. Жақын арада интернет жұмысы қалпына келтіріледі», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары