Түркістан облысының төрт ауданын су басты

ТЖМ баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Түркістан облысының төрт ауданын су басты
Түркістан облысы. Фото: ТЖМ
4503

Түркістан облысында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан Сайрам, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш аудандарының жеке тұрғын үйлерінің 8 аула аумағы су астында қалды. 

ТЖМ баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

ТЖД және ЖАО күштерімен шамамен 25 адам, 10-ға жуық мотопомпамен аула учаскелерінен жаңбыр суын айдау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жалғасуда, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары