«Ешкімге керексіз сезіндім»: актриса Зарина Кәрмен жан сырын ақтарды

Жан сырын «1001 түн» бағдарламасында ақтарды.

«Ешкімге керексіз сезіндім»: актриса Зарина Кәрмен жан сырын ақтарды
harpersbazaar.kz
1241

Танымал актриса Зарина Кәрмен үш жыл декреттік демалыста отырғанын айтты. Ол «1001 түн» бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Екінші қызымды босанғанда, декреттік демалыста отырдым. Карантин болды. Аналық сезімім күшейді ме, «баламен үйде отыруым керек, кішкене қатайсын" деген ойда болдым. Кейін театрға жұмысқа шықтым. Мені көптеген қыз-келіншек түсінеді. Декреттік демалыстан кейін өзімді ешкімге керексіз сезіндім. Көштен қалып қойғандай, кәсіби тұрғыдан қарайып қалғандай сезімді бастан өткіздім. Театрда рөл берілмеді. Жұртты жамандап отыра беруге болады. Бірақ оның ешкімге пайдасы жоқ. Өмір берілді, мүмкіндік берілді. Барынша өзіңді қолға алып, әрекет жаса. Содан не керек, магистратураға түстім. Биыл бітіремін», - деді Зарина Кәрмен.

Серіктес жаңалықтары