Смартфон қолдану мидың қатерлі ісігіне шалдықтыра ма? – ДДСҰ ресми түрде жауап берді

Ғалымдар 7 жыл бойы 265 мың адамды қамтитын ауқымды зерттеу жүргізіп, мида қатерлі ісік пайда болуына смартфонның әсерін анықтауға тырысқан.

Смартфон қолдану мидың қатерлі ісігіне шалдықтыра ма? – ДДСҰ ресми түрде жауап берді
turkystan.kz
706

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы смартфон қолдану мен мидың қатерлі ісігі арасында байланыс жоқ екенін ресми түрде растады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланған зерттеу қорытындысында айтылады. 

Ғалымдар 7 жыл бойы 265 мың адамды қамтитын ауқымды зерттеу жүргізіп, мида қатерлі ісік пайда болуына смартфонның әсерін анықтауға тырысқан.

Нәтижесінде, зерттеуге қатысқандардан қатерлі ісіктің 150 жағдайы және қатерсіз түрінің 118 жағдай тіркелген, бірақ оның себебі смартфон пайдалануға байланысты емес деп тұжырымдалған зерттеуде.

Серіктес жаңалықтары