213
WADA: Ресей мен Қазақстан допинг дауына іліккен мемлекеттер көшін бастап тұр
WADA: Ресей мен Қазақстан допинг дауына іліккен мемлекеттер көшін бастап тұр
Допинг қолданды деген күдікке ілінген ресейлік спортшылардың сынамаларын тексеру үшін Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) 4 млн доллар қаражат жұмсаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Fox Sports телеарнасы осыдан бірер ай бұрын 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарындағы жүлделерінен айырылған спортшылардың толық тізімін жариялаған болатын. Сол тізімде ресейліктер 19 медалінен айырылып, медальден айырылғандар көшін бастаған болатын. Ал біздің спортшылар 9 медалімен қоштасып, екінші орыннан көрінген. Қазақ спортшыларынан кейін, Беларусь спортшылары 7 медалінен айырылып, «үздік үштікті» түйіндегені белгілі.
Допинг дауына іліккендердің көпшілігі - ауыр атлеттер. Олардың жалпы саны - 26. Ал жеңіл атлеттерде - 18, күрес шеберлерінде 5 оқиға тіркелген еді. Одан кейін де кейбір спортшылардың допинг тексерісі оң нәтиже бергені анықталған.
WADA тексеру жұмыстарын 2015 жылы бастаған болатын. Сол уақыт аралығында ресейлік спортшылар бірінен соң бірі спорттан шеттетіліп, атақтарынан айырылды. Олардың қатарында қазақстандықтар - 2008 жылы Олимпиада ойындарынан ауыр атлеттер Илья Ильин (алтын), Ирина Некрасова (күміс), Мария Грабовецкая (қола), сондай-ақ еркін күрес шебері Таймураз Тигиев те (күміс), грек-рим күресінің шебері Әсет Мәмбетов (қола) те бар. Ал 2012 жылғы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында тек алтын медаль алған зілтеміршілеріміз - И.Ильин, Мая Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанлоның нәтижесі жойылды.