947
Алматыдан 486 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісі 14 наурыз күні сағат 13:36-да тіркелді.
Алматыдан 486 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 наурыз күні сағат 13:36-да жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 486 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы —11,4. MPV магнитудасы — 5.0. Координаттары 42,14°с.е. 82,65° ш. б. Тереңдігі — 5 км», – делінген хабарламада.