988
Жұлдыз Өмірғали өзінің туған күніне ерекше сыйлық жасады
Өнер иесі 29 жасқа толды.
Әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали туған күні қарсаңында өзіне ерекше сыйлық сатып алды,деп хабарлады turkystan.kz.
Бірінші рет өзіме бренд сөмке мен белдік сыйладым. Соңғысы болмасын. Туған күніме жасаған сыйлығым. Жылдар бойы тапқан табысымды аяп, қымбат дүние алуға жұмсамаған едім. 29 жасқа келіп, шешім шығардым. Арманым орындалды. Бірақ екітүрлі сезімде тұрмын. Бір жағынан қуанамын, екіншіден басқа дүниеге жұмсауға болатын еді деп ойлаймын. Сіздер не істер едіңіздер? Екеуін де тек мерекелік іс-шараларға тағамын, – деп жазды әнші.